Главная

Қазақстан халықаралық мектебі

Біздің жаңа кампус Әл-Фараби даңғылындағы Villa кешені мен Lexus орталығынан жоғары Ремизовкада ойдағыдай орналасқан

KIS-ке қош келдіңіздер!

KIS-ке қош келдіңіздер! KIS мектебінің директоры ретінде біздің мектеп қоғамдастығының жаңа отбасылырына «Қош келдіңіздер!» дегім келеді. Біздің тамаша мектебіміз біздің оқушыларға орасан зор мүмкіндіктер ұсынады. Біздің мақсатымыз – баланы қамқоршы, ашық және өмір бойы оқуға дайын біртұтас жеке тұлға ретінде дамытатын сапалы білім беру. Мектебіміздің өсуі және оқу бағдарламасының кеңеюі кезеңінде KIS мектебіне қосылатын жаңа отбасылары үшін - бұл тебірентерлік уақыт. Мен KIS мектебінің бір бөлігі болғанымды мақтан етемін және білім мен жаңа тәжірибиеге толы келесі оқу жылын асыға күтемін!

Елена Максимова , Мектеп директоры

 

Welcome! Қош келдіңіздер! KIS мектебі отбасына қосылуларыңызға шын жүректен шақырамын! Біздің жаңа , заманауи кампусымыз бізге отбасы мүддесіне бағытталған мектеп қауымдастығының әлеуетін күшейтуге бірегей мүмкіндік береді. Бұл жерде ата-аналар, оқушылар және жан-жақты дарынды мұғалімдер сіздердің балаларыңыздың игілігі үшін бірге жұмыс істейді. Мен сіздермен бірге алдағы жылдарда балаларыңыздың өз дағдылары мен дарындарын дамытып, болашақта сәтті және бақытты болулары үшін бірлесіп жұмыс істеуді асыға күтемін.

Том Уайлд, Мектеп директоры (жаңа кампус)

WHY CHOOSE KIS?

 
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ

БІЗ БІЗДІҢ КӨПҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚҚА IB АКАДЕМИЯЛЫҚ БІЛІМ ҰСЫНАМЫЗ

 
ОТБАСЫЛЫҚ АТМОСФЕРА

БІЗ KIS-ТЕ БІЛІМ АЛУДА ҮЛКЕН ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ МАҚСАТЫНДА АТА-АНАЛАРМЕН ТЫҒЫЗ СЕРІСТЕСТІКТЕМІЗ

 
АҒЫЛШЫН ТІЛДІ ОРТА

БІЗДІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛДІ ОРТА ӘРБІР БАЛАҒА АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ НЫҚ СЕНІММЕН СӨЙЛЕСУГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ

KIS отбасына қосылыңыз

Біз балалар мен ата-аналарды біздің шағын отбасымызға қосылуға және KIS – те білім алуға шақырамыз!

KIS отбасына қосылыңыз

First name*
Last name*
E-mail*
Country of citizenship*
Phone number*
Child's name*
Child's date of birth*
 

20 жылдам астам тәжірибе

20+
Ұлт өкілдері
1:7
Мұғалім :Оқушылармен ара салмағы
30+
Шетелдік мұгалімдер
15000 m2
Кампус аумағы

Шынында да халықаралық білім

Халықаралық Бакалавриат (IB) бағдарламасы  балалар мен жасөспірімдерге білім беретін  үздік жүйелердің бірі  екеніне біз KIS-те  сенімдіміз.  Халықаралық Бакалавриат (IB) бағдарламасы  баланың  «мәдениетаралық түсінік пен сыйластық арқылы үздік  бейбіт әлем құруға көмектесетін  іздемпаз, білгір, қамқоршы   адам " ретінде  дамуына   бағытталған. Біз кеңейтуімізді аяқтаған кезде,  Халықаралық Бакалавриаттың (IB)  үш бағдарламасын ұсынамыз

Бастауыш білім беру бағдарламасы (PYP)

3-тен 11жасқа дейінгі балалар үшін (балабақшадан мектептің 5-сыныбына дейін)

Орта білім беру бағдарламасы (MYP)

12-ден 15жасқа дейінгі балалар үшін ( 6-10 сыныптар)

Дипломдық бағдарлама (DP)

16 жастан 19 жасқа дейін (11-12 сыныптар)


Бағасы

Мектепке дейінгі білім беру бағдарламасы
Сәбилер ( 2 жас) 5 000 USD (тек жарты күн)
Балабақша (3 жас) 6 900 USD (жарты күн)
  8 900 USD (толық күн)
Балабақша (4 жас) 9 900 USD
Мектепалды даярлық сыныбы (5 жас)     11 900 USD
Бастауыш білім беру
1-5 сыныптар 16 900 USD
Орта білім беру
6-8 сыныптар 17 900 USD
9-10 сыныптар 18 900 USD
 
Қабылдау тестілеуі: бір балаға 20 000 тенге
Кіру жарнасы: бір балаға 250 000 тенге (кері қайтарылмайтын жарна, қабылданғаннан кейін бір рет төленеді)
 
* Мектеп көлігімен үйге жеткізу және мектепте тамақтану – бөлек ақы төленетін опционалды қызметтер. Жаңа кампустағы бұл қызметтердің ақысы 2018 жылдың тамызында анықталатын болады
* Сабақтан кейін өткізілетін көптеген үйірмелер – тегін. Сырттан шақырылған жаттықтырушыны қажет ететін және мектептен тыс өткізілетін кейбір үйірмелер,осы шығындарды төлеу үшін шағын ақыны қажет етеді

 

Видео

MEET OUR TEAM

All our teachers are highly educated and have years of experience in education. They do their best to ensure fascinating and educational lessons, so your children get either basic knowledge and social skills they can implement in future.

PARENTS TESTIMONIALS

Біз рухы мықты KIS қоғамдастығы екенімізді мақтан етеміз, дегенмен сөзге сенбей, ата-аналардың мектеп туралы не ойлайтынын оқыңыз: “Біз Алматыға көшіп келгенде, балаларымыз жоғары стандартты білім беретін Халықаралық мектепте тез бейімделе алады ма деген қорқыныш болды. KIS мектебі біздің ойымыздан асып түсті. Жақсы дайындалған мұғалімдер оқу үдерісі кезінде біздің балаларымызды қолдап қана қоймай, олардың әлеуметтендірулеріне де қолдау көрсетті. Ең бастысы- менің балаларым мектепте бақытты!"

Рана Абодили (Rana Abodeely)

“Балалардың білімге деген құштарлығын кішкентай кездерінен қалыптастыру өте маңызды, сонда ғана олардың білімге деген ынтасы табиғи қажеттілік болып қалыптасыды. KIS- те бұған керектінің бәрі бар: инфроқұрылым, жоғары кәсіби мұғалімдер, ең бастысы - бала өзін сенімді және жайлы сезінетін және тұлға ретінде дамитын отбасылық атмосфера.”

Камилла Сыздыкова (Kamilia Syzdykova)

“Бізде үлкен балаларымызды әртүрлі тілдерде және түрлі елдерде, түрлі мектеп жүйелерінде оқыту тәжірибиесі болды. Біз Қазақстанға келгенде, мен кіші балаларымның мектебі қандай болу керек екені көз алдымда айқын тұрды. Білім беру жөніндегі кеңесшімен тілдескенде, біз мынандай шешімге келдік: Мектеп Халықаралық Бакалавриат (IB) бағдарламасы бойынша білім беру керек, ал ең бастысы, кәсіби мұғалімдердің қолдауымен балалар өздерін үйдегідей сезінетін достық орта болу керек. Мен әртүрлі мектептердің басшыларымен кездестім, алайда KIS мектебінің директоры - Еленаны көргенде, менің шешімім жарқ етті! Директоры - мектептің жаны, балалар өздерін тамаша сезінетін мектепті таптық! Біз үш жыл бойы KIS атты отбасының бір бөлігіміз, және де қабылдаған шешіміме мен бірде-бір өкінбедім ”

Гульнара Агальцова (Gulnara Agaltsov)

“Баламыздың уәжін ынталандыратын және оқудан рахат алатын білім беру ортасында болуы бізге өте маңызды. KIS мектебі мұндай білім беру ортасын сәтті құрған. Біздің ұлымыз әр жаңа оқу күнін қуанышпен күтеді және үйренген нәрселерінің бәрін энтузиазммен қабылдайды. Мұғалімдер балаларды көп сұрақ қоюға және өтетін тақырыптарды нақты өмірмен байланыстыруға ынталандырады. Халықаралық Бакалавриат бойынша берілетін мектептің оқу жоспары үздік халықаралық стандарттарға сай екеніне біз сенімдіміз.”

Майкл МакНиколас (Michael McNicholas)
Ұялы  тел

+7 727 356 5000

+7 727 395 3354

эл.пошта

info@kisnet.org

Ұялы  тел

+7 727 356 5000

+7 727 395 3354

эл.пошта

info@kisnet.org